Су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек қарастырылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Ринат Елжасов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуеметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, табиғи апаттың салдарын сезінгендердің есепшоттарына біржолғы ақшалай қаражат аударылады. Мәселен, Ақжар, Аққайың, Мамлют, Айыртау, Есіл, Жамбыл, М. Жұмабаев, Қызылжар, Ғ. Мүсірепов атындағы, Тайынша, Шал ақын, Тимирязев аудандарының тұрғындарына 100 АЕК-ке дейін, Уәлиханов ауданы мен Петропавл қаласының азаматтарына төлем мөлшері 200 АЕК-ке дейін қарастырылған. Биыл осы мақсатқа 85 млн. теңге бөлінді.

– Әлеуметтік көмек алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне, аудан орталықтарының тұрғындары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тікелей жүгіне алады. Сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш бере алады. Өтінішпен қоса жеке басын куәландыратын құжат, табиғи зілзала салдарынан азаматқа немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттар, әлеуметтік көмекті аудару үшін деректерді тапсыру қажет, — деді Ринат Елжасов.

Әлеуметтік көмек көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық отбасылар төлемдер алу үшін құжаттар дайындап, тиісті органдарға жүгіне алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz