Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың және аса бай адамдардың үстемдігімен күрес жүріп жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың салдарымен және экономикадағы аса бай адамдардың үстемдігімен күрес жүргізіп жатыр деп мәлімдеді деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.
Президент іскерлік белсенділік төмендеп кеткендіктен еліміз қазір күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр деп атап көрсетті.
-Жыл басында болған оқиғалар біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндірді.Біз еліміздің бірлігі арқасында осындай жағдайларда қауіпсіздігімізді және тіпті еліміздің тұтастығын сақтап қалдық. Бүгіндері Үкіметтің басты міндеті тұрғындардың өмір сүру жағдайын арттыру, сондай-ақ азаматтардың табысындағы айырмашылықты қысқарту мен қолайлы жұмыс орындарын құру болып табылады,- деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев адамдарға бизнеспен айналысуға бірдей мұмкіндек беру қажеттілігіне тоқталды.
-Бүгіндері қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың салдарымен және экономикадағы аса бай адамдардың үстемдігімен күрес жүргізіп жатыр. Біздің әрқайсысымыз еліміздің игілігі жолында еңбек етуіміз тиіс,- деді Қазақстан Президенті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz