Наталья Богданова Олимпиада жолдамасы үшін таласады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елордада бокстан іріктеу турнирінің финалдық кездесуінде төрт салмақта жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында жерлесіміз Наталья Богданова да бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Аталған турнирде әйелдер арасындағы айқасында 66 келіде финалда Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Наталья Богданова мен қарағандылық Жасмин Қизатовамен шеберлік байқасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер шешімімен жеңіске Наталья лайықты деп танылды.  Ал, әйелдер арасында 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек топ жарды. Бұл салмақта ең көп боксшы жиналған еді. Олардың арасынан Ұлжан өз бабында екенін көрсетті.

Ол финалда төрешілердің бірауыз шешімімен Сымбат Әлиасқардан басым түсті. Оған дейін 2022 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған Элина Базарова, әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері Жайна Шекербекованы орта жолда қалдырды.

Ерлер арасында спаррингтік іріктеу бәсекесінің 63,5 келі салмақ дәрежесінде түркістандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңімпаз болды. Финалда ол жамбылдық Дулат Бекбауовты қапы қалдырды. Мұхаммедсабыр осы салмақта өткен жылы Қазақстан спартакиадасында жеңімпаз атанған еді.

75 келіде бақ сынайтын Валентина Хальзова мен Гүлсая Ержанның арасында жекпе-жек те тартысқа толы болды. Төрешілер шешімімен Валентина Хальзова лицензиялық турнирге қатысуға мүмкіндік алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz