Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облысты аралауды жалғастырды. Олар Қызылжар ауданының Бескөл, Долматово, Барневка және Большая Малышка ауылдарында бөгеттер мен бекіністерді, сондай-ақ дайындық жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауылдық округтердің әкімдері Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Бұған қоса, эвакуациялау пунктерін ұйымдастыру және эвакуацияланған азаматтардың саны туралы есеп берді.
Роман Скляр жергілікті тұрғындар мен бизнес өкілдері үйлерді су басудан қорғау үшін күш біріктіріп, белсенді түрде атсалысып жатқанын атап өтті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары полицейлер, құтқарушылар мен ауыл тұрғындарына су тасқынының келеңсіз сценарийіне дайын болу керектігін жеткізді.