Еріктілер тұрғындарға психологиялық көмек көрсететін болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында еріктілер тобы құрылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Топқа Аризона университетімен білім берудегі психология бағыты бойынша қос дипломды бағдарламалар бойынша оқитын студенттер кірді. Олардың саны – 40.

Жоғары оқу орнында еріктілерге ТЖД психологтары тренингтер өткізіп, төтенше жағдай кезінде психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ студенттерге жедел желіге хабарласатын адамдармен және эвакуациялық пункттерге орналастырылған тұрғындармен қалай сөйлесу қажеттігі түсіндірілді.

– ТЖД жедел желісінің телефонына күніне 50-ге жуық қоңырау түседі. Тұрғындар ақпараттық сипаттағы сұрақтармен хабарласады. Оларға білгенімізді айтып, кеңес береміз, — дейді СҚО ТЖД бас маман-психологы Александра Юдаева.

dsc 4219 dsc 4208 dsc 4229

Естеріңізге сала кетейік, ЖОО-да 49-30-35 нөмірі бойынша психологиялық қызмет телефоны жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz