Тепличное ауылында нығайтылған бөгетті су бұзып өтті. Бүгін шамамен сағат 9:20-да тасқын су елді мекенге кірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, барлық күш Тепличноедағы тасқын суға қарсы тұруға жұмылдырылған. Қазіргі уақытта техника жұмыс істеп жатыр.
Жоғары қысыммен кірген су жолда электр бағаналарын сырып өтті. Салдарынан қала тұрғындары тіршілік көзінен ажыратылды. Ауылдықтар қауіпсіз жерге шығарылып, арнайы техникамен эвакуациялық пункттерге жеткізіліп жатыр.