Қосымша эвакуациялық пунктер ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Заречный кентінде № 13 мектепте орналасқан эвакуациялық пункт тасқын суға байланысты көшірілді. Сондай-ақ білім мекемелерінде тұрғындарға қосымша орындар әзірленіп жатыр, деп Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, Заречный кентіндегі эвакопункт № 2 орта мектепке көшірілді.

Үйлерінен көшірілген тұрғындар үшін Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда да жатын орындар әзірленді. Бұдан бөлек Петропавлдағы Назарбаев, 247 мекенжайында орналасқан № 4 орта мектепте, Калюжная, 22 мекенжайындағы № 14 мектепте, Рыжов, 51 мекенжайында орналасқан № 12 мектепте, кәсіби-педагогикалық колледжде және жоғары құрылыс-экономикалық колледжде эвакуациялық пунктер орналасқан.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметінше, Қызылжар ауданы Боголюбово орта мектебіндегі № 14 эвакуациялық пунктке Боголюбово және Надежка елді мекендерінің тұрғындары орналастырыла бастады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz