Облыс бойынша екі аудан мен қаланың 7 мектебі 1801 оқушысы қашықтан білім алу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда су тасқынына байланысты 1801 оқушы онлайн форматта білім алуда.
– Петропавл қаласының №13 орта мектебінен– 163, Есіл ауданының Покровка орта мектебінен– 215, Қызылжар ауданының Озерная орта мектебі, «Парасат» мектеп-лицейі, №2 Бескөл орта мектебінен – 476, Приишим негізгі мектебінен 65, Бәйтерек орта мектебінен 312 оқушы қашықтан оқыту үдерісіне ауыстырылды. Сондай-ақ жолдардың шайылып кетуіне және бұзылуына байланысты 6 ауданнан 8 мектепте тасымалдау тоқтатылды. Сабақтар аралас форматта өтеді. 78 оқушы үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды, — дейді баспасөз қызметі.