Бескөлде 100-ден астам үй су астында қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде тұрғындар арнайы қызметтермен бірге су тасқынымен күресті. Десе де арнасынан шығып тасыған Есіл өзені жан-жаққа жайылып, елді мекенге кірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Су тасқыны салдарынан 109 тұрғын үй су астында қалды.  Бескөлдіктердің айтуынша, түнімен ұйқтымай бөгеттерді нығайтқанымен, таңғы сағат 7:30 шамасында бөгет Жамбыл көшесі жағынан қатты ағын суға шыдас бермей бұзылды.

Қазір тасқын сумен күреске төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы орган, әскери қызметшілер жұмылдырылған. Бескөл елді мекенінде Қарағанды мен Алматыдан көмекке арнайы келген мамандар жұмыс істеп жатыр. Мәселен бұл жерде Қарағанды қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен келген 40 адам тасқын сумен күресуде.

Көрші көшеде де тұрғындар сумен арпалысып жатыр. Айтуларынша, 2 сағаттың ішінде су деңгейі 7 см-ге көтерілген. Бірақ көпшілігі әлі де әліптің артын бағып, көшуге асығар емес. Мүмкін біздің үйге жете қоймас деген үміт бар.

Бескөл ауылында қазір бөтелкедегі су қат тауарға айналған. «Ника» аталған мына дүкенде нан сағат 15.00 кезінде бітіп қалған. Дүкеннің сатушысы Алена Городецкаяның айтуынша, таңғы сағат 9.00-де әдеттегідей 40 бөлке нан жеткізілген, кей тұрғындар 5-6 бөлкеден алған. Кешеден қалған тәтті нандар да сатылып кетіпті, сөреде тек бір пицца ғана қалған. Көрші «Колос» дүкенінде де нан жоқ. Сатушылардың айтуынша, ауылда азық-түлікке қатысты дүрбелең жоқ, нанды шеттен келіп жұмыс істеп жатқандарды тамақтандыру үшін әкетіп жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz