Бірінші вице-премьер Роман Скляр: Петропавл сумен қамтамасыз етілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Қызылжар Су» ЖШС-ның екінші деңгейдегі сорғы станциясын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Бірінші деңгейдегі станса істен шыққаннан кейін бірінші вице-премьер жаңа сорғыны орнатуды аяқтап, Петропавл қаласын 14 сәуірге қараған түні сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

— Түнгі 00:00-ден кейін қаланың барлық ауданына су келе бастады. Резервтік көзде жеткілікті көлемде су жиналып, іске қосылды. Сумен қамтамасыз ету үздіксіз болады. Судың сапасы мен коагулянттардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген», — деді Роман Скляр.

Ол жұмыстардың тәулік бойы жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ бірінші вице-премьер Петропавл қаласының Подгора ықшам ауданындағы құтқару жұмыстарының барысын тексерді. Су басқан жерлерден дрон көмегімен 48 адам эвакуацияланған. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарына тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды. Нәтижесінде 59 адам табылған, алайда олардың 11-і үйінен кетуден бас тартқан. Бірінші вице-премьер оларды дереу эвакуациялауды тапсырды.

 — Қалған адамдарды шұғыл эвакуациялау қажет. Қауіпті аймақта қалуға болмайды. Қарсылық танытқандарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, қауіпсіз жерге жеткізу керек», — деді ол.

DsNqLqOKD0kZe7CzgSj7xFb0pXbEjA2NoU7APkj34kFK1bl2DUWoii LOiuyqnUXWL2BPY IbdsUIVlVuiUkUNpe7SflDf6UP4KMfx7Z1Pyl QL9fcRYXrIpKyu3LPAAR oNwAiZPAo

bL4HcdFUqgLwvr3 IEI6IZDh91 F0lA6AE3G6lgKH2mCJLmzQdMspGbM5FqJAc8ZbQHlOT68vjrZH5gwbjhja2M1y0CgfeYLUReEhK2g4Klz 5LJ DSYCujgaPtlU0YEXFR1b DrSXL

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz