СҚО әкімі тасқыннан зардап шеккендермен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов №2 орта мектепте қатты су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Заречный және Былғары кентінің, Ойқаланың, Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарының тұрғындары  уақытында эвакуацияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ең бастысы, бәрі аман. Өйткені адамның өмірі бірінші орында. Мемлекет басшысы зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды, — деді өңір басшысы кездесуде.

Ереже бекітіліп, комиссиялар құрылды. Барлығы толық өтемақы алады.

Бұл облыстың тарихындағы ең алапат су тасқыны. Барлығы үшін қиын сынақ.

Қаламызды табиғи апаттан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Дегенмен, биыл бізге мол су келді, әлі де келіп жатыр. Су тасқынымен күресу үшін барлық шаралар жасалуда, — деді СҚО әкімі.

Оған қоса, кеше облыс орталығы сусыз қалды. Өңір басшысы мұздың қатты жылжуы салдарынан бірінші көтергіш сорғы станциясындағы төрт қуат желісі жойылғанын атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасуда. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы бойынша қосымша сумен қамту желісі іске қосылды. Үйлердегі судың қысымы бірте-бірте көтерілуде. Қаладағы су жүйесі қалпына келуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz