Негізгі күш бөгеттерді нығайтып, топырақ төгу, құм салынған қаптарды дайындау, ІІМ және ТЖМ-мен бірлесіп халықты эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды орындауға бағытталған.
— Қорғаныс министрлігінен 700 адамнан және 33 техникадан тұратын жеке құрамның күштері мен құралдары оқиға орнына жіберілді. Сондай-ақ, су басқан елдімекендер мен үйлерді күзету бойынша іс-шараларды орындаймыз. Сонымен қатар, Петропавл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тыл техникасы бөлінді, — деді полковник республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға ҚР Қарулы күштерінен 2 262 әскери қызметші, 137 бірлік автомобиль техникасы, төрт армиялық авиация тікұшағы, бір әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.
Армиялық авиация елді мекендерден 113 адамды эвакуациялады. 40 адам және 11 тонна жүк тасымалданды.