СҚО-ға су тасқынымен күресу үшін тағы 700 әскери қызметкер жіберілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Қарулы Күштерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы, полковник Ержан Ибраев Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін 700-ге жуық әскери қызметші жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізгі күш бөгеттерді нығайтып, топырақ төгу, құм салынған қаптарды дайындау, ІІМ және ТЖМ-мен бірлесіп халықты эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды орындауға бағытталған.

— Қорғаныс министрлігінен 700 адамнан және 33 техникадан тұратын жеке құрамның күштері мен құралдары оқиға орнына жіберілді. Сондай-ақ, су басқан елдімекендер мен үйлерді күзету бойынша іс-шараларды орындаймыз. Сонымен қатар, Петропавл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тыл техникасы бөлінді, — деді полковник республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға ҚР Қарулы күштерінен 2 262 әскери қызметші, 137 бірлік автомобиль техникасы, төрт армиялық авиация тікұшағы, бір әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.

Армиялық авиация елді мекендерден 113 адамды эвакуациялады. 40 адам және 11 тонна жүк тасымалданды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz