Облыста су тасқыны жағдайы қиын деп бағаланып отыр. Бүгіндері тасқын су 2122 үйді басса, өткен тәулікте 436-на кірген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, тасқын су Қызылжар ауданына қарасты Соколовка, Большая малышка, Ольшанка және Вишневка ауылдарына дейін жетті. Бүгіндері елді мекен тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Су тасқыны басталғалы қауіпсіз жерге 10345 адам көшірілді. Өткен тәулікте оның 3 мыңнан астам эвакуацияланды.