СҚО-да жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ойқала шағынауданына су тасқынымен бірге жабайы қабандар мен қасқырлар келді. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқан азамат анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД мәліметінше, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан азамат анықталып, жауапқа тартылды. Белгілі болғандай, «TikTok»-та бейнежазба жүктеген 20 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл ер адамның құрдасы тасқын судан екі бала қайтыс болды деген қауесетті де желіге таратты. Тәртіп сақшылар осы мәліметті жоққа шығарды.

Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарынан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.

– Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратушылардың екеуіне де қатысты әкімшілік материал жиналады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2 — бабының 3-бөлігіне сәйкес «Жалған ақпарат орналастыру, тарату» бойынша оларға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, — дейді баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz