Ақмолалық дәрігерлер СҚО тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының басқармалары арасындағы төтенше жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету туралы келісім шеңберінде Көкшетау қаласынан санитарлық авиация дәрігерлері Тайынша ауданының тұрғындарына көмекке барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, санитарлық авиация желісіне жүктіліктің 28 аптасындағы әйелді шұғыл кесарь тілігі арқылы босандырып алу жөнінде шақырту түскен. Әйел екі баланы дүниеге әкелген, оның бірі салмағы 930 грамм ұл бала да, екіншісі салмағы 900 грамм қыз. Мерзімінен бұрын туғандықтан нәрестелердің екеуінің де салмағы төмен және тыныс алуында қиындықтар болған.

Неонатолог — дәрігер Татьяна Шафигина мен медбике Марина Черепашкова шұғыл түрде көмекке келді. Ұл баланы жағдайы тұрақталған соң Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпейінді ауруханасының перинатальдық орталығына жеткізілді. Ал егіздің сыңары қыз бала Тайынша аудандық орталық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Онда оның денсаулығы бойынша білікті дәрігерлер тәулік бойы консультация жасауда.

— Дәрігерлердің ынтымақтастығы мен кәсібилігі төтенше жағдайлар кезіндегі келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын білдіріп қоймайды, сонымен бірге, өңірдегі медициналық көмектің жоғары деңгейде екенін көрсетеді, — деді ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz