Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың өршуі тіркелмеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облысқа ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев келді. Ол Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласындағы медициналық мекемелерді, эвакуациялық пунктерді аралады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тимур Сұлтанғазиев тасқын су кезінде халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын көріп, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екеніне көз жеткізді.

Петропавл қаласындағы №2 орта мектепте су басқан Заречный кентінің тұрғындары орналастырылған. Мұнда 37 адам жатыр. Олар тәулік бойы психолог мамандардың, дәрігерлердің бақылауында.

Тұрғындар Тимур Сламжанұлына қиын жағдайда медицина мамандарының күні-түні қастарында болғандарын айтып, алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар, облыстық перинаталдық орталыққа алыс аудандардан және су басу қаупі бар ауылдардан жүкті келіншектер алдын ала жеткізілгені белгілі.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Петропавл бірінші қалалық ауруханасы жанындағы инфекциялық бөлімнің жұмысымен танысты. Мұнда 187 төсек орын ұйымдастырылған.

Су тасқыны кезеңінде және жұқпалы аурулардың өршуі тіркелген жағдайда қосымша балаларға арналған 45 орын, ересектер үшін 135 төсек орын ашуға мүмкіндік бар. Жансақтау бөлімінде де төсек орын қоры жеткілікті. Тимур Сұлтанғазиев инфекциялық аурулар өршіп, эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда бірінші қалалық аурухана жанынан қосымша 120 төсек орын ашуды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz