Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар жаңа тәсілмен көмек алуға өтініш бере алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 16 сәуірде су тасқынынан зардап шеккендер смартфон арқылы көмек алуға өтініш бере алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзірге Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге Egov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

«Жаңа функционалды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі.»,- делінген ақпаратта.

Еңбек министрлігі өтінім беру реттілігін түсіндірді:

  • Egov Mobile мобильді қосымшасына кіру;
  • Басты бетте «Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама» қызметін табу;
  • Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету;
  • Барлық деректерді толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

— «Әлеуметтік көмек» автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға орын алған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зардап шеккен мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі. Бағалауды жүргізуді бақылау фото және бейнетүсірілім, сондай-ақ FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркелетін болады, — дейді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Енгізілген тетік барлық мәліметтерді цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді.

— Үшінші тұлғалардың азаматтардың жеке деректерін алып қоюын болдырмау үшін тек Egov Mobile ресми қосымшасын пайдаланудың қажет екенін еске саламыз,- деп толықтырды Еңбек министрлігі баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz