Студенттер су тасқынымен күресіп жатқан азаматтарға 100 келі бауырсақ, самса мен тоқаш пісіріп таратты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен оқытушылары су тасқынымен күресіп жатқандарға бауырсақ пен самса пісіріп, нан өнімдерін таратуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері жоғары оқу орнының студенттері қашықтан білім алып жүр. Жастар мен оқытушылар су тасқыны кезінде бір кісідей жұмылып, қайырымдылық жасап жүр. Бірі еріктілер қатарына жазылып, тасқынмен күресуге ат салысса, енді басқалары нан-тоқаш өнімдерін пісіріп, оны таратуға қатысуда.

Сәуірдің 9-ы мен 15-сі күндері аралығында университеттегі агротехнологиялыұ факультеттің әйелдер қауымы азық-түлік зертханасында су тасқынымен күресіп жатқан еріктілер мен әскери қызметшілерге тамақ дайындаумен айналысты. Барлығы 40-қа жуық адам 80 келі бауырсақ, 9 келіден астам самса, 5 келі тоқаш пісірді.

Университет қабырғасында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау пункті де ашылды. Ол  № 4 корпустың 101 кабинетінде орналасқан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz