Жалған ақпарат таратқан «блогер» жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста су тасқыны кезінде екі баланың қайтыс болғанын хабарлаған күдікті анықталды. Ол жалған ақпаратты «Tik Tok» әлеуметтік желісінде таратқаны белгілі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жалған ақпарат таратқан азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы 3-бөлігі бойынша 73 840 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жалған ақпаратты әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде орналастыру, тарату заң бойынша жазаланады. Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3 -бөлігі (73840 теңге айыппұл түрінде) және Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша тиісті жауапкершілік (3 692 000 теңге айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде) қарастырылған, — делінген прокуратуа хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz