Петропавлда судың сапасы сағат сайын тексерілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының санитарлық қызметі инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу үшін жедел іс-қимыл жоспарын әзірледі. Мамандар күн сайын таза су резервуарынан, сорғы және суды тарату желісінен су сынамаларын алып тексеруде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Біз күн сайын және әр сағат сайын ротавирустар, сібір жарасы, тырысқақ, паразитологиялық зерттеулерге өндірістік бақылау аясында сынама алып,  вирусологиялық зерттеулер және радиологиялық көрсеткіштерге, санитарлық-химиялық зерттеулер – органолептикаға, түсіне, тұнбасына, РН хлоридтерге, қалдық хлорға зерттеу жүргізіп, алюминий, нитрат, нитриттің болуын тексереміз.  Су сынамалары санитарлық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келеді, — дейді Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Галина Шарипова.

Маманның айтуынша, халық техникалық суды тек техникалық қажеттіліктер үшін пайдалануы қажет. Санитарлық ыңғайлылық үшін, ыдыс жуғаннан кейін оны  қайнаған сумен шайған жөн. Қазіргі уақытта жіті ішек инфекциялары мен жұқпалы аурулар бойынша  қаладағы эпидемиологиялық жағдай  тұрақты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz