Су басқан тұрғын үйлердің саны 2639-ға жетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қауіптің беті әлі сейілмей тұр. Бүгіндері облыс ауылдары мен қаланың 2639 үйін су басты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін арнайы техникамен 740 мың текше метрге жуық су сорылып, 25 метрлік бөгет нығайтылды.

– Су тасқыны басталғалы облыс аумағында 14 388 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Оның – 3596-сы бала. Бүгіндері 44 адам үйлеріне оралды. Ал уақытша эвакуациялық пунктерде 732 адам орналастырылған. Сондай-ақ 5143 ауыл шаруашылығы жануары эвакуацияланды, – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарушылардың айтуынша, өңірде тәулік бойы «Жедел желі» телефондары жұмыс істеп келеді. Облыс тұрғындарынан бір күнде орта есеппен 60-тан астам қоңырау түседі.

Облыста апаттық-құтқару жұмыстарына СҚО құтқарушыларынан бөлек, Астана, Алматы қалаларының, Түркістан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарынан 5504 ТЖД маманы, 931 техника, 495 мотопомпа мен 131 жүзу құралы жұмылдырылған. Бұдан бөлек, ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 3 әуе кемесі көмекке келді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz