Петропавлда өтемақы алуға 950 тұрғыннан өтініш түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерден өтініш қабылданып жатыр. Әзірге тұрғындар бір реттік көмек қана ала алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, 16 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккендерден 950-ден астам өтініш түскен.

Осылайша екі бағыт бойынша — бірреттік көмек және материалдық шығынның орнын толтыруға арналған өтемақыға 1949 өтініш қабылданды.

Бұдан бөлек Петропавлдың 97 тұрғыны несиелерінің қайтарым мерзімін шегеруді сұраған.

— Бүгін таңертеңнен бері тағы 138 адам шығынның орнын толтыруға, 139-ы — бірреттік төлем алуға және 10 тұрғын несие төлеу уақытын кейінге қалдыруға өтініш беріп кетті. Жұмыс жүріп жатыр. Өтінішті Петропавлда Театр көшесі, 36 мекенжайына келіп жазуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығының, банкттердің мамандары бір жерде отыр. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, — дейді Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Данияр Асылбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz