Петропавлдағы мешітте имамды ұрған ер адам сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша қозғалған іс қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Cотта 2024 жылы 15 сәуірде сағат 15:00 шамасында Петропавл қаласындағы облыстық Қызылжар мешітінде азамат Р. көп адамның көзінше жанжал шығарып, азаматтарға дөрекілік танытып, ақыры имамды бетінен жұдырықпен екі рет ұрғаны анықталды.

— Ол осы арқылы ұсақ бұзақылық жасап, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады деп танылды. Сот шешімімен сотталушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, — делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz