Жіті ішек инфекцияларына шалдыққандар қатары артты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да жіті ішек инфекциясын 103 адам жұқтырды. Оның 54-і кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, су тасқыны кезеңінде эпидемиолог-мамандар күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын жіті ішек инфекцияларының, сальмонеллездің, А вирустық гепатитінің, аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

– Көктем мезгілінде жіті ішек инфекциялары қоза түседі. Бұған жыл сайынғы маусымдық құбылыс ретінде қараған жөн. Әрине, су тасқыны кезінде осы аурудың белең алуы ықтимал. Суды қайнатып пайдаланған жөн. Өңірдегі су тасқынына байланысты күн сайын судың сынамасын алып отырғанымызды атап өткен жөн, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Әсет Жұматаевтың сөзінше, бүгінгі таңда облыста А гепатитін жұқтырудың 3 дерегі тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде де мұндай 3 факті анықталды. Жұқпалы ауруға ересектер шалдықты.

– А гепатитін алдын алудың бірден-бір жолы – вакцинация. Екпе жоспарлы түрде 2 және 2,5 жасар балаларға тегін қойылады. Тұрғындар оны тұрғылықты мекенжайлары бойынша тіркелген емханаларда қойдырта алады, — деді Әсет Жұматаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz