Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі – 275 см

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгіндері облыста тасқын су 3071 үйді басып, 2898 баспанаға кірген. Тұрғындарды эвакуациялау барысында 14 388 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 643 адам үйлеріне қайта оралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жедел штабтың мәліметінше, қазіргі уақытта эвакуациялық пункттерде 879 адам бар. Олардың барлығы бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз етілген.

Су тасқыны басталғалы арнайы жабдықталған орындарға 5323 ауыл шаруашылығы жануары эвакуацияланды.
Белгілі болғандай, Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі көтерілуде. Бүгінгі ондағы көрсеткіш 275 см-ді құрап отыр. Ал Петропавлдағы су торабында су деңгейі 25 см-ге төмендеп, 1205 см-ге жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz