Жалған ақпарат таратқан қала тұрғыны жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Еріктілер гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр» деген жалған ақпаратты таратқан қала тұрғыны анықталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 47 жастағы келіншек әкімшілік ғимараттың жанында еріктілердің жұмысын ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіде қолұшын созып жүргендерге жалған жала жапты. Түсіргенін WhatsApp мессенджеріндегі топтарға таратып, бейнежазбада оларды ұрылар деп атады. Кейін бұл жазба «TikTok» желісінде тарап үлгерді.

– Тәртіп сақшылары «азық-түлік ұрланып жатыр» деген хабарламаны тексерді. Шын мәнінде, тиеліп жатқан жүк Есіл өзенінің тасуынан зардап шеккен Қызылжар ауданының Большая малышка ауылына жіберілгені анықталды. Ойланбастан асығыстық жасаған Петропавл тұрғыны жалған ақпаратты таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Өңірде су тасқыны басталғалы бері полицейлер интернет-кеңістікті бақылауды күшейтіп, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде, – дейді баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz