ХҚКО қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың құжаттарын қалпына келтіруге көмектеседі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су тасқыны салдарынан облыс тұрғындарының көбі құжаттарын бүлдіріп алды. Оларды қалыпқа келтіру мақсатымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚОФ мемлекеттік қызмет көрсету үшін орындарының санын көбейтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Су тасқыны кезеңінде тұрғындардың құжаттарын қалыпқа келтіру үшін мемлекеттік қызмет көрсету орындары Петропавл әкімдігінде және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ашылды.

– Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері атынан мобильдік топтар да кезек тәртібімен эвакуациялық пункттерге барады. Филиал қызметкерлері тұрғындарға түрлі анықтамалар алуға, құжаттарды қалпына келтіру бойынша өтініштер қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда олар зардап шеккендерді құжаттау үшін көші-қон қызметі басқармасымен және басқа да атқарушы органдармен жедел өзара іс-әрекет жасайды.
Жылжымайтын мүлікке құжаттарды қалпына келтіру үшін телнұсқа беру туралы өтінішпен тікелей халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.
Жылжымайтын мүлікке құқық нотариат куәландырған мәміле, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде тіркелген жағдайларда құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын қалпына келтіру мынадай тәртіппен жүргізіледі: құжаттың телнұсқасын алу үшін оны куәландырған нотариусқа жүгіну қажет, – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚОФ баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz