Петропавлға кіреберіс автожолдан шектеу алынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Жезқазған-Петропавл» республикалық автожолының Петропавл мен Бескөл ауылы арасындағы учаскесінен көліктің барлық түріне шектеу алынып тасталды. Жолды басқан су деңгейі түсіп, жеңіл көлік қиындықсыз өтетін жағдайға жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуір күні «Жезқазған-Петропавл» А-16 республикалық автожолының 954 км, яғни «Южный» бақылау-өткізу бекетінің жанын су басты. Сондай-ақ «Петропавл айналма жолы» Р-49 автожолының 12-13 км де Жұмысшы кентіне дейін су астында қалды. Су басқан учаскенің ені 500-600 метрге жетсе, тереңдігі 1 метрге дейін барды. Сол себепті бұл жолды уақытша жабу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп жатыр. «Южный» бекетінің жанында су басқан учаске аумағы 300 метр шамасында, тереңдігі – 20 см. Жұмысшы кенті маңында су 100 метр жерді шайған, тереңдігі 15-20 см аспайды. Сондықтан сағат 17.00-ден бастап бұл учаскелерден шектеу алынып тасталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz