СҚО-да су тасқынына қатысты жағдай біртіндеп тұрақтанып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— Есіл, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде және Петропавл қаласында су баяу болса да кетіп жатыр. Су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Оны біз Сергеев су қоймасына қарап байқап отырмыз. Қазіргі уақытта су бөгет шыңынан 2 м 93 см асты, тәулігіне 18 см артқан, — деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте.