Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы эвакуациялау пункттерін аралап, су тасқынынан зардап шеккендермен әңгімелесіп, сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Қазір зардап шеккен тұрғындарды бірінші кезекте қаржылай көмек көрсету мәселесі мазалайды. Аталмыш пункттерде мобилді топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қалалық әкімдік осы жерде арыздарды қабылдауда. Мемлекеттік органдар құжаттарды қалыпқа келтіруге де көмектесіп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша біржолғы төлемге 2 мың өтініш түскен. 1 мыңнан аса адамға 400 млн.теңге тағайындалды. Өтініштер әлі де қабылдануда. Мүлік шығынын өтеу бойынша комиссия су тартылғасын ғана бағалау жұмыстарын жүргізе алады.