Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Сергеев су қоймасында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Сәуірдің 9-ы күні Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 425 см-ден асқан еді. Бүгіндері жота үстіндегі су 316 см, көлемі 1 млн. 77 мың текше метрді құрап отыр.
Нысанды тексеру барысында бірінші вице-премьерге қазіргі уақытта тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым жүйесі қалыпты жұмыс істеп жатқаны айтылды. Роман Скляр ауыр көліктер өтетін жолды жабуды, су тасқыны аяқталғаннан кейін су шайып кеткен аумақтарда жағалауды бекітуді тапсырды.