Келер аптада сәуірдің 22-нен бастап Петропавлда жылыту маусымы аяқталады. Тиісті қаулығы қала әкімі Серік Мұхамедиев қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымын аяқтау үшін тәуліктік орташа температура 3-5 күн бойы +10 градустан жоғары тұруы керек.
— Бұл жүйенің тепе-теңдігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Тұрғын үйлердің ПИК төрағалары ысырмаларды жауып, үйде ыстық су болған кезде жүйені жазғы жұмыс режиміне ауыстыруы керек, содан кейін пәтерлердегі жылыту радиаторлары 2-3 сағат ішінде салқындайды.
Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасына сынақ жүргізуді бастайды. Бірінші кезең маусым айына жоспарланған, — делінген хабарламада.
Петропавлдағы тұрғын үйлер жылудан кезек-кезекпен ажыратылады.