Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері колледж студенттерімен бірлесіп,  қаланы тазалап,  көшелерді  абаттандырып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Шараның мақсаты – жастарды экологиялық тазалыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығы түсіндіру, сонымен қатар табиғатқа, өз қаласына қамқорлықпен  қарауға баулу.

 Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. «Таза өлке» деп аталатын бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды. «Киелі мекен» аптасы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады. «Жасыл аймақ» аптасында көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі. «Өнегелі ұрпақ» аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделген.  «Мөлдір бұлақ» деп аталатын қорытынды аптада зендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

Сондай-ақ бұл акцияға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы да өз үлесін қосып, Саумалкөл ауылының көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz