СҚО-ға келген құтқарушылар үйге қайтып жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су тасқыны кезінде теріскейге келген Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үйлеріне қайтты. Бүгін Абай өңірінің құтқарушылары туған жерлеріне оралмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облысқа су тасқынының бірінші толқынымен күресуге Алматы, Павлодар, Астана, Абай, Ұлытау және Қарағанды құтқарушылары келген болатын. Олардың жалпы саны 5200 маманды құрады.

– Өзге облыстардан келген құтқарушылар бөгеттерді нығайтуға, ауыл және қала тұрғындарын қауіпсіз жерге шығаруға көмектесті. Олардың еңбегі зая кетпеді. Тасқын су бәрімізді біріктірді. Бүгін біз Абай облысынан келген ТЖД мамандарын шығарып саламыз. Кейін басқа аймақтардан келген қызметкерлер үйлеріне қайтады, — дейді СҚО ТЖД су тасқынына қарсы жедел штабтың бастығы Аслан Ахметжанов.

Бүгіндері су тасқынының бірінші толқыны шарықтау шегіне жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz