Петропавлда «Машина жасау және робототехникадағы инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Машина жасау және робототехникадағы инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Оған алматылық, астаналық және жергілікті ғалымдар мен машина жасау саласында ойып алар орны бар «Петропавл ауыр машина жасау» және «С.М.Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамының  инженерлері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Алматы қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының  біздің университетпен ынтымақтастық орнатқанына  біраз жыл болды. Бұл семинар қос білім ошағы арасындағы байланысты нығайту үшін ұйымдастырылып отыр. Шара басында жергілікті жоғары оқу орны басшысының міндетін атқарушы Рената Апергенова  қонақтарға сый-сияпат көрсетіп, университет медалін табыс етті. Алматылық меймандар да құр алақан келмепті.  Университетегі бес маманға  Ұлттық инженерлік академиясының   сертификатын табыс етті.

Семинарға қатысқан ғалымдар  «Инновациялық технологиялар трансферті үшін озық білімді алаң құру маңызды», — деген тоқтамға келді.  Өңіріміздің тумасы, академик Амандық Төлешов машина жасау саласына  үлес қосып жүрген жастарды тәрбиелеуде. Ол алдағы уақытта солтүстікқазақстандық жоғары оқу орнымен, өндіріс орындарымен бірлесе ел экономикасына елеулі үлес қосатын жобаларды жүзеге асырмақ. Ө. Жолдасбеков атындағы инcтитут директорының орынбасары, жас ғалым Мөлдір Қуатова әріптестеріне өз ойын тарқата баяндады. Осы саланың жілігін шағып, майын ішіп жүрген жергілікті ғалымдар да өз  ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияда  еліміздің ғылыми-технологиялық саясатының жаңа ережелері, терең ұңғымалық сорғы қондырғысының қызмет ету мерзімін ұлғайту бойынша конструкторлық және технологиялық шешімдерді әзірлеу мәселелері, сорғы жабдықтарының заманауи сымсыз диагностикалық технологиялары және басқа да мәселелер қаралды. Кездесу соңында екі жақ өзара ынтымақтастық туралы келісімге  қол қойып, меймандар «Петропавл ауыр машина жасау зауытына» экскурсияға аттанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz