Солтүстік Қазақстандағы республикалық жолдар қардан дұрыс тазартылмаған

Авторы: Qyzyljar News

Республикалық маңызы бар тасжолдардың сапасын бақылау мақсатында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының өкілдері жыл басынан бері 18 тексеріс өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Нәтижесінде, кейбір тас жолдарды қардан тазалау жұмыстары дұрыс жүргізілмегені анықталды. «Мамлютка-Қостанай», «Жезқазған-Петропавл», «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» бағытындағы жолдарды ақ ұлпадан уақытылы тазартылмағаны белгілі болды. Одан қалды, жолдың қауіпті деген жерлеріне тұзды-құмды қоспасы себілмеген. Салдарынан жолдың қауіпті учаскелерінде көктайғақ қалыптасқан.
Қарды жолдың дәл жиегіне үйіп кеткен фактілер де анықталды.
Олқылықтар бойынша жолды тазартуға тапсырыс беретін мекеме мен мердігер компанияларға 18 ұйғарым-хат жолданды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz