Үйлері су астында қалған 957 өңір тұрғыны біржолғы әлеуметтік төлем алған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда 2 мыңға жуық тұрғын үй су астында қалды. Олардың дені — Ойқала шағынауданының тұрғындары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір тұрғындарына біржолғы төлемге 700 млн. астам теңге бөлінген. Қазіргі уақытта 957 адам тиесілі көмекті алды. Қалғандары апта соңына дейін алмақ. Бұл ақпарат облыстық әкімдікте өткен жиында белгілі болды.

— Қазір Ойқала шағынауданында 12 жеке тұрғын үйге техникалық зерттеу жүргізілді. Тұрғын үй қорынан 2 және 3 бөлмелік 18 пәтер дайындалды. Коммерциялық тұрғын үйлерден 197 пәтерлік пул құрылды. Құрылыс компанияларымен меморандум жасалды. Пәтер бағасы шамамен 22 млн теңгеден аспауы тиіс. 72 пәтерлік тоғыз қабатты үйдің жобалық-сметалық құжаты әзір. Оның бір шаршы метрі 320 мың теңге болмақ. Тағы 5 бес үй салу жоспарда бар. Петропавлдағы риэлторлармен де келістік. Сондай-ақ жеке тұрғын үйлер салу үшін Солнечный кентінен 100 жер учаскесі бөлінді, – деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі алдағы екі-үш айдың ішінде үйсіз қалған адамдардың баспана мәселесін шешу міндетін қойды. Қазір зардап шеккендердің басым бөлігі жатақханаларға орналастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz