Су тасқынының салдары

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су тасқыны облыстағы электр қуатын тарату желілерінің 729 тірегіне және екі қосалқы станцияға зақым келтірді. Бүгіндері электр желілерінің 98 шақырымын қалыпқа келтіру қажет, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданында 10кВ желісінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде Кеңес, Жаңаталап және Жаңажол ауылдарының 200-ден астам тұрғынын тұрақты түрде электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

– Желінің құрылысы кезінде электр қуаты дизельді генераторлардан берілді. «Қызылжар Су» ЖШС уақытша сорғы станциясы үшін электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстарға 60 қызметкер, 13 арнайы техника жұмылдырылды. Ал сәуірдің 21-не қараған түні екінші сорғы станциясы электр қуатына қосылды, — делінген хабарламада.

Қызылжар ауданындағы Вознесенка, Надежка және Боголюбово елді мекендерінің тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін темірбетон тіректер орнатылды. 22 сәуірде ұзындығы 15,6 шақырым болатын 10кВ «Леденово-Боголюбово» жоғары вольтты желісі іске қосылғаны белгілі болды.

Су басқан аудандарды электрмен қамтамасыз ету үшін «Севказэнерго» АҚ қосымша 5 дизельді-генераторлық қондырғыны сатып алды. Олар Новокаменка және Архангелка ауылдарында орнатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz