«Севказэнерго» АҚ басшылығы су тасқынынан зардап шеккен 57 қызметкеріне көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы қаржылай көмек берілетіні жасырын емес. Бұған қоса, «Севказэнерго» компаниясы өз қызметкерлеріне қосымша 30 АЕК түрінде қаражат аударды.
– Эвакуацияланған, бірақ үйлері бүтін болған қызметкерлер компания басшылығынан 30 АЕК түрінде көмек алды. Бұл шамамен 110 760 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ оларға барлық мәселелер бойынша тегін заңгерлік қолдау көрсетілді. Кәсіпорын өз қызметкерлеріне үй маңындағы аумақтарды тазартуға көмектесуге дайын, — дейді «Севказэнерго» АҚ-ның баспасөз қызметі.