Су тасқыны: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚОФ қызметкерлері де жұмылдырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су тасқыны кезінде “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері де бөгеттерді нығайтып, табиғи апатпен күресуге атсалысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Табиғи апат қаламыз бен оның тұрғындарына қауіп төндірген шақта “Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы”филиалының қызметкерлері  елмен иық тірестіре қала іргесіндегі бөгетті нығайтуға атсалысуда. . Олар құм салынған қапшықтармен бөгет жасау жұмыстарын атқаруда.

 

5de5c41f e034 4564 8e61 2369b763db02 037d1be3 5d08 4125 9503 cc50c53089ad

Айта кету керек, су шаю қаупі бар жерлердің барлығында бөгеттерді нығайту жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Бұл ретте облыс оратлығының бірнеше аудандары, әсіресе Есіл өзенінің жағасында орналасқан мекендерге төнген қауіп жоғары.

-Бұл біздің қаламызда болмаған жағдай. Бұған дейін өзен тасығанымен дәл биылғыдай жайылмайтын. Әрі күннің күрт жылынуының салдарынан сең жүріп, бағандарды құлатып жатыр. Бұл қауіпті еселеп отыр. Сондықтан біздің мекеме де сырт қалмай, халықпен бірге бөгет салуға келдік, деп атап өтті «Жол активтерінің сапасы» ҰО СҚОФ директоры Жолдыбай Тентеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz