Петропавлдағы ескі үйлердің бірінің қабырғасы құлап, салдарынан 49 жастағы қала тұрғыны мерт болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқиға бүгін сағат 15:00 шамасында Партизан көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орын алды. Аталған фактіге қатысты полицейлер іс қозғады.
— Бұл факті «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді, – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.