Скутерді мас күйде басқарған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полицейлер Тайынша қаласында скутерді мас күйде тізгіндеген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД мәліметінше, Тайынша ауданының орталығында учаскелік полиция инспекторы «Yaqi» скутерін тізгіндеген азаматты тоқтатқан. Басқару құқығы жоқ 31 жастағы жүргізушіден спирттің мүңкіген иісі шығып тұрғандығы байқалды. Көлік иесі медициналық сараптамадан өтуге жіберілді. Куәландыру оның алкогольдік мас күйде екенін көрсетті. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының үстінен әкімшілік материал жинап, сот жүргізушіге 20 тәулік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Сондай-ақ Тайынша қаласында скутер басқарған 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасы да жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге салсақ, бұл көлік құралын тек 16 жастан бастап пайдалануға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz