Петропавлда мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, қазіргі күні 13 көпқабатты үйдің шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 5 үйге 10 жеделсаты орнату және ауыстыру қолға алынды.
-2022 жылы аталған бағдарлама бойынша бұдан басқа 26 көпқабатты үйге арнап 1 млрд. 83 млн. теңге бөлінді,- деді қала әкімдігінің өкілі.
Бұл қаражатқа 10 үйдің шатырысы ауыстырылып, 10-ында жеделсаты орнатылады.
Петропавлда 26 көпқабатты үй жөнделеді
436