СҚО әкімі тасқынмен күрескен сарбаздарға алғыс білдірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Бескөл ауылының орталық алаңында су тасқынымен күресу үшін басқа облыстардан келген 68665 әскери бөлімінің 300 сарбазын шығарып салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы әскерилердің отаншылдығы, батылдығы, тәртіптілігі мен туған жерге деген адалдығы үшін алғысын білдірді. Алғашқы күннен бастап жас сарбаздар топан сумен күресуге бар күш-жігерін салып, траншеялар қазып, қаптар төсеп, бөгеттерді нығайтуға кірісті. Бірлескен күш-жігердің арқасында адамдардың өмірін сақтап қалды.

– Әскерилердің арасында бір апта бұрын қызметін аяқтаған 51 сарбаз бар екенін атап өткім келеді. Бірақ олар бізге көмектесу үшін қалып, аянбай еңбек етті. Нағыз ер азаматтарды, еліміздің азаматын өсіргені үшін ата-аналарына бас иіп, алғысымды білдіремін, — деді облыс әкімі.

photo1713942824photo1713942856

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz