Тайыншалық 22 тұрғын біржолғы төлемақы алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша ауданында су тасқыны кезінде 22 адам эвакуацияланған болатын. Жуырда үйі су астында қалған отбасылар мемлекеттен берілетін бірреттік төлемақы алу үшін өтініш жазып, уәде етілген қаражатты алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Айнагүл Жәкенованың айтуынша, орталыққа жүгінген барлық азаматтың өтініштері қаралып, әр отбасыға 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем берілді. Жалпы 22 отбасыға 8 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

– Қауіпсіз жерге көшірілгеннен кейін біржолғы төлемді алуға өтініш бердім. Рәсімдеу үдерісі жылдам болды. Уәде етілген қаражат бірден төленді, – дейді қарғын судан зардап шеккен Тайынша қаласының тұрғыны Лейла Баратова.

Мамандардың айтуынша, тұрғындарға әлеуметтік төлем алу үшін жұмыспен қамту бөліміне үйін су басқандығы туралы анықтаманы әкелсе жеткілікті. Нәтижесі 8 күнде белгілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz