Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қаңтардың 19-нан бастап күшейтілген режімде қызмет атқаруда. Негізгі міндет – жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қоғамдық орындар ерекше бақылауға алынды. Іс-шараның басынан арақ ішкені және қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін 851 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары алкогольдің көп қылмыстарға себеп болатынын ескертеді. Әсіресе, көлік тізгініне масаң күйде отыратын жүргізушілер қауіпті. Жедел-профилактикалық іс-шара өткен 20 күнде осындай 52 жүргізуші ұсталды. Заң бойынша мұндай жүргізушілер үшін әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру қарастырылған.
-Іс-шараның басынан облыста барлығы 2200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 177 қылмыс тіркелді. Оның 120-сы жедел ашылды. Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шараның 20 күнінде полиция қызметкерлері үйлер мен пәтерлерге 3400 –ден астам тексеріс өткізді. Жалға берілетін пәтерлер, бос қалған үйлер, саяжай учаскелері мен қылмыстық әрекеттер жасалуы мүмкін орындар басты назарда. Сондай-ақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтау, көші-қон заңнамасының бұзылмауын жән азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тыныштыққа әсерететін құқықтық тәртіптің басқа да аспектілерінің сақталуын бақылау күшейтілді. Өйткені мұның барлығы сервистік полицияның жұмысындағы басым бағыттар болып табылады»., — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
Солтүстік Қазақстан облысында полиция 20 күнде 2200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
401
алдыңғы жаңалық