Петропавлда 9-сынып оқушысы Әлихан Жаров таза су мәселесін шешу жолын ұсынды. Оның жасап шыққан құрылғысы суды ауадан алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметінше, Әлихан Жаров дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицей-интернатында оқиды. Тақырыпты зерттеуге ұстазы көмектескен.

— Экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамның алдында ресурстарды тиімді пайдалану талабы тұр. Қазіргі аса өзекті мәселелердің бірі — таза судың тапшылығы. Оны шешуге өз үлесімді қосқым келді. Мұғалімім бағыт-бағдар беріп, жұмыс барысында Пельтье элементтерін, яғни термоэлектрлік түрлендіргішті қолдандық.

Пельтье элементтері энергияны тиімді пайдалану және температураны бақылау мүмкіндігін береді. Біз бұл технологияны кез келген жағдайда ауадан суды конденсациялауға қабілетті қондырғы жасау үшін пайдалануды шештік. Қондырғы энергияны аз мөлшерде тұтына отырып, ауадан суды конденсациялайды. Меніңше, бұл тәсілді өмірде қолданып, таза су мәселесін шешуге болады, — дейді Әлихан Жаров.

Оқушының өнертабысын экономиканың көптеген саласында қолдануға болады. Мәселен ауыл шаруашылығында құрғақшылықпен күресудің тиімді құралы бола алады, құрғақшылық жерлерде дақылдарды суару үшін су алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ең бастысы, бұл таза су тапшы аймақтарда адамдарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.

123132

Өз жұмысын Әлихан жобалар байқауының республикалық кезеңінде қорғап, екінші орынға қол жеткізді. Сараптамалық комиссия оқушының жұмысын жоғары бағалап, құндылығын мойындады және оны күнделікті өмірде қолдану мүмкіндігін атап өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz