Жыл басынан бері СҚО-дағы жеке күзет құрамаларының қызметкерлері 6 қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы саны 1700-ден асатын 73 жеке күзет құрылымы жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар күзететін нысандарда 6 қылмыстың беті ашылды.
Күзет ұйымдарының қызметкерлері 43 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіп, ішкі істер органдарына 72 адамды жеткізді. Бұл – полицияның өзге біреудің мүлкін ұрлауға қарсы тұру және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жұмысына айтарлықтай көмек.