«Зеленый Север» серіктестігінде жаңа жылыжай ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы «Зеленый Север» ЖШС-ның жылыжайында ауданы 11 мың шаршы метр болатын екінші кешен ашылды. Жоба құны — 7,2 млрд. теңге.  Кешеннің жалпы ауданы – 3,7 га. Оның 3,2 гектарына қияр отырғызылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Жылыжай директоры Екатерина Асаеноктың айтуынша, сұраныс ұсыныстан асып түсуіне байланысты жаңа кешен ашылды. Аталмыш кешенге қияр наурыз айының соңында егілді. Ал мамыр айының басында  алғашқы өнімді  жинайды.

 –Бұл жерден біз күніне 3-4 тоннаға жуық өнім жинауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда қиярға деген сұраныс жоғары. Сұранысты толық жабу үшін   әзірге көкөністің осы түрін ғана өсіреміз. Жылыжайда 70 адам еңбек етіп жатыр. Қызметкерлердің 80 пайызы көкөніс өсірумен айналысады. Ал қалған 20 пайызы – қөмекші қызметкерлер. Бастапқыда нарықтан өз орнымызды таба аламыз ба деген қорқыныш болған еді, – дейді Екатерина Асаенок

Жылыжайдың бір бөлігінен күнделікті 8-10 тонна мева тұқымды қияр жиналады. Қазір қиярдың килограммы 500 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz